728ОҚУҒА ҚҰШТАР КОЛЛЕДЖ

Кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Махаббат, қызық мол жылдар» романы бойынша «Ерлік пен махаббат жыршысы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Шараға оқытушылар, студенттер, орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана кітапханашылары қатысты.

Студенттер «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан үзінділер оқып, шығарма кейіпкері Ерболдың ғашықтық жырларын оқыды.

Кітапханашы А. Егізбаева «Махаббат, қызық мол жылдар» романы ешқашан ескірмейтін, жылдар өткен сайын жаңарып, жасара беретін мәңгілік тақырыпты қозғайтынын айтты.

Әдеби кеш соңында студенттер махаббат тақырыбындағы әндерді орындап, жыр жолдарын оқыдыжәне оқырмандар назарына ұсынылған «Ерлік пен махаббат жыршысы» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.